Таңғы сессияда доллар 340,64 теңгені құрады

12:09, 20 маусым 2018

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың 20 маусымындағы Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 340,64 теңгені құрады. 19 маусымдағы таңғы сессиямен салыстырғанда (339,02 теңге/$1) ұлттық валюта долларға шаққанда 1,62 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 340,50 теңге, ең жоғары – 340,85 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 340,72 теңге көлемінде сақталды. Доллар бойынша сауда көлемі 15 млн 700 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 163.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 342 теңге, Алматыда – 342,7 теңге деңгейінде сақталды.

АҚШ долларына шаққандағы теңгенің ресми бағамы Қазақстандық қор биржасының екі сессияның қорытындысы бойынша бекітіледі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!