Таңғы сессияда доллар 339 теңгеге дейін қымбаттады

14:39, 19 маусым 2018

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың 19 мауысымындағы Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 339,02 теңгені құрады. 18 маусымдағы таңғы сессиямен салыстырғанда (338,17 теңге/$1) ұлттық валюта долларға шаққанда 0,85 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 338,30 теңге, ең жоғары – 339,92 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 338,65 теңге көлемінде сақталды. Доллар бойынша сауда көлемі 86 млн 300 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 163.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 341 теңге, Алматыда – 341 теңге дейінде сақталды.

АҚШ долларына шаққандағы теңгенің ресми бағамы Қазақстандық қор биржасының екі сессияның қорытындысы бойынша бекітіледі.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!