Таңғы сессияда доллар 375,6 теңгеден саудаланды

11:34, 21 ақпан 2019
389

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 375,60 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (375,74 теңге / $1) ұлттық валюта 0,14 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 376,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,45 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 44 млн 900 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 86.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 377 теңге, Алматыда – 378 теңге.

Ұлттық Банктің 21 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 376,09 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!