Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 378,98 теңге

11:55, 22 мамыр 2019
362

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,98 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,59 теңге/$1) ұлттық валюта 0,39 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,60 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,30 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 56 млн 930 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 135.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 381 теңге.

Ұлттық Банктің 22 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,87 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!