Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 378,6 теңге

11:20, 21 мамыр 2019
313

Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,59 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,89 теңге/$1) ұлттық валюта 0,3 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,45 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,85 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,80 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 56 млн 790 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 180.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 381 теңге.

Ұлттық Банктің 21 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,9 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!