Таңғы сессия: 1 доллар — 316,68 теңге

15:38, 11 мамыр 2017

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 11 мамырдағы доллардың орташа бағамы 316,68 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 316,39 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 317,50 тг, сауданың аяқталуы кезінде 316,45 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 72 млн 550 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 154.

Ақша айырбастау орындарында 11 мамырдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:20) Алматыда 317 теңгені құраған.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!