Таңғы сессия: 1 доллар — 386,59 теңге

12:11, 11 желтоқсан 2019
265

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 386,59 теңгені құрады. 10 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда (386 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,59 теңгеге әлсіреді.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 388 теңге, Алматыда — 388,6 теңге.

Ұлттық Банктің 11 желтоқсандағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 386,19 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!