Талдықорғанда облыстық мәслихат хатшысының көлігін тоқтатқан екі полицейді антикор ұстаған

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz – Алматы облысы Талдықорған қаласында екінші күн қатарынан облыстық мәслихат хатшысына қатысты оқиға шиеленісіп тұр. Кеше көлігіне басқа номер тағып алған хатшының жүргізушісін тоқтатқан полицейлерді бүгін жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ұстаған, деп хабарлайды өңірдегі журналист, блогер Сандуғаш Дүйсенова.
Екі күн бойы мән-жайды толық баяндап жүрген Сандуғаш Дүйсенова екі полицейді ұстау операциясының куәсі болған. Ол бірден президентке видеоүндеу жасады.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз айтқан «Жаңа Қазақстан» осы ма? Бұл екі жол потрульдік полиция қызметкері кеше ғана облыстық мәслихат хатшысының жалған номермен жүрген жүргізушісін ұстауға көмектескен еді. Соларды бүгін антикор қызметі ұстап жатыр. Бұл бассыздық емес пе? Мен сізбен олай келіскен жоқпын. Мен референдумға дауыс беруге бармаймын», деді Сандуғаш Дүйсенова.
Журналист бірнеше күн бойы мәслихат хатшысының қызметтік көлігін аңдумен болған. Оның айтуынша, көлікке күштік құрылым өкілдеріне ғана берілетін оперативті номер тағылған. Дүйсенованың өтініші бойынша, полиция қызметкерлері хатшының жүргізушісін тоқтатып, көлікті айып тұрағына қойған.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы облыстық мәслихат хатшысы Дәулет Жарасбаев. Ол қызметтік көлігіне әдетте 009 ВВ 05 деген номер тағатын, полицейлер дәл сол көлікке 702 YEZ 02 деген номер тағып алған кезде тоқтатып, хаттама толтырған.
Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі оқиғаның бір-біріне байланысы жоқ деген ресми хабарлама таратты.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:24, 4 шілде 2022
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймаққа көшті
-
11:50, 4 шілде 2022
Нөкісте мыңдаған адам жарақат алды – Қарақалпақстанның Денсаулық сақтау министрлігі
-
20:39, 3 шілде 2022
Түркияда Украина астығын тасымалдаған «Жібек жолы» кемесі ұсталды
-
20:27, 3 шілде 2022
Қарақалпақстандағы оқиғалардың артында «жалдамалы күштер» тұр – Мирзиёев
-
19:28, 3 шілде 2022
Қазақстан Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады