«Тақтар ойыны» сериалы жаңа рекорд орнатты

11:30, 17 шілде 2019

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – «Тақтар ойыны» сериалы «Эмми» телепремиясының 32 санатында номинацияланды, — деп хабарлайды The New York Times.

«Тақтар ойыны» сериалы «Үздік драмалық сериал» бойынша номинацияланды. Кейт Харингтон «Драмалық сериалдағы үздік ер адам рөлі» номинациясына, Эмилия Кларк — «Үздік әйел адам рөлі» номинациясына ие болды.

«Екінші рөлдегі үздік актриса» номинациясына Лена Хеди, Мэйси Уильямс, Гвендолин Кристи, Софи Тернер ұсынылды. Альфи Аллен, Питер Динклейдж және Николай Костер-Вальдау екінші рөлдегі үздік ер рөлі үшін номинацияға ие болды. Карис ван Хаутен «Шақырылған үздік актриса» санатына ұсынылды.

Сыйлық 22 қыркүйекте табысталады. «Тақтар ойыны» сериалы «Үздік драмалық серия» номинациясында үш рет жеңіске жеткен.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!