«Тақтар ойыны» сегіз жылда сериалдан бизнес жобаға айналды

16:33, 16 сәуір 2019
729

Кеше әлемдік киноиндустрияның басты оқиғасы «Тақтар ойыны» фильмінің — сегізінші, финалдық маусымның премьерасы болды. Сегіз жылда нағыз бизнес жобаға айналған туындының түсірілім құны, аудиторияның ауқымы және сериалдың жеке елдердің экономикасына әсері қандай болды? The Bell-дің зерттеуін ұсынамыз.

  • 2018 жылы «Тақтар ойыны» өндірісі ең қымбат сериалдардың қатарына кірді — бір эпизодтың түсірілімі 10 млн долларды құрады. Ал бұдан жоғары сома тек Netflix-тің The Get Down (Төмен құлдырау) — 11 млн доллар және «Тәж» фильміне (15 млн доллар), сондай-ақ NBC-тің «Жедел жәрдем» (13 млн доллар) кинокартинасына жұмсалды.
  • Соңғы маусым HBO үшін қымбатқа түсті — эпизод құны 15 млн долларға дейін жетті, барлық бөлімдердің бағасы 100 млн долларға дейін өсті.
  • Актерлердің жалақысы да артты. Серияның басында жұлдызды бестік — Кит Харингтон, Эмилия Кларк, Лина Хиди, Питер Динклейдж және Николай Костер-Вальдау — бір эпизод үшін шамамен 300 мың доллар алса, олардың қаламақылары 500 мың долларға дейін өсті. The Hollywood Reporter мәліметтері бойынша, олар серия үшін 1 млн доллардан көп алады.
  • Бірінші маусымнан бастап жетіншісіне дейін аудитория 5 есеге, 2 млн-нан 10 млн көрерменге дейін өсті. Жанкүйерлердің нақты санын есептеу қиын: сериал пираттық сайттарда өте танымал, тек 7-ші маусымның 1-ші сериясын шамамен 78 млн адам жүктеген. Сериал 2015-2017 жылдары пираттардың «ең сүйікті» шоуы болды, тіпті 2015 жылы заңсыз жүктеу саны бойынша Гиннесс рекордтар кітабына кірді.
  • Әрбір маусымның жаңа сериясы шыққан сайын әлеуметтік желілерде «Тақтар ойыны» мен оның кейіпкерлерінің аты 160 мың айтылды. Ал жарты жылдан кейін олардың саны 20 млн-ға жетеді.
  • Сериалды сарапшылар жоғары бағалады. 2018 жылы «Тақтар ойыны»  — «Эмми» сыйлығының абсолюттік фавориті болды, ал 2015 жылы сериал бір кеште марапаттардың рекордтық санын жинады, 24 номинацияда 12 статуэтканы жеңіп алып, Гиннесс рекордтар кітабына кірді.
  • Серияның ауқатты жанкүйерлері жобаға қатысты заттарды сатып алуға миллиондаған қаржысын жұмсауға дайын. Наурыз айында БАҚ беттерінде «Тақтар ойыны» фильмінің барлық реквизиттері үшін 6,5 млн доллар ұсынған жанкүйер туралы ақпарат шықты. Жанкүйердің айтуынша, оның 60 гектарлық резиденциясында реквизиттер әдемірек көрінеді.
  • Бірнеше компания «Тақтар ойыны» соңғы сериясының шығуына орай сериалдан белгілі көріністерді алып, жарнамалық роликтер дайындады. Oreo бренді сериал стиліндегі роликті көрсетті, онда музыканың астында печеньелер орналасады — жеті патшалық секілді. Oreo, сондай-ақ, арнайы қара қаптамаларды әзірледі, олардың ішіне патшалықтардың «фирмалық» өрнектері бар қара бисквит печенье салынған.
  • Тағы бір роликті Wieden+Kennedy американдық жарнама агенттігімен бірге Bud Light сыра бренді шығарды. Олар роликте рыцарлық жекпе-жектің көрермендеріне айдаһардың шабул жасаған бөлігін көрсетті. Екі ролик те #ForTheThrone хештегімен белгіленді — ол сегізінші маусым алдында HBO құрған арнайы сайт-квест атауы.
  • Соңғы маусым шыққанға дейін брендтер бірден бірнеше шектеулі топтамаларды шығарды. Adidas сериалдың кейіпкерлерімен безендірілген 180 долларлық кроссовкалар сериясын көрсетті.  Urban Decay косметика бренді — қылыш үлгісіндегі 28 долларлық қылқаламдарды және патшалықтардың аты берілген 250 долларлық арнайы тендер топтамасын ұсынды. Ал Johnnie Walker виски бренді — әрқайсысы 36 доллар тұратын виски бөтелкесі сериясын шығарды, олардың дизайны сериалдың бірінші сериясы — «Қыс жақынды» еске түсіреді.
  • Ресейлік брендтер де тыс қалған жоқ. Delivery Club тамақ жеткізу қызметі және «Кухня на районе»  қызметі сериалдың жанкүйерлеріне арналған «Екі өлеңнің мәзірін» әзірледі — бұл сериал кейіпкерлерінің арасындағы танымал тағамдар. Мәзір 11 позицияны қамтиды: ең бюджеттік тағам – 177 рубльге «Солтүстік жердің жүрегінен маймен қақталған қызылша», ал ең қымбат «Солтүстік таңғы ас» және «Балық жеуден рагу» — 397 рубльге сатылады. Соңғы маусымның бірінші сериясын алғашқылардың бірі болып көрсететін Amediateka кинокомпаниясы мәскеулік «Октябрь» киноорталығында шыны текше метр (куб) құрды. Оған «Тақтар ойынын»  бірде-бір рет көрмеген ер адамды отырғызған. Ол жұлдызды қонақтарымен бірге аптада жеті маусымды толық көреді.
  • Бірнеше компания бір реттік акция өткізді. HBO телеарнасы арнайы ұтыс жариялады. Жеңімпаз соңғы маусымның тұсаукесеріне Бостоннан Нью-Йоркке дейін брендтелген автобуспен барады. Ал Twitter сериалдың басты кейіпкерлерімен 21 смайлик шығарды.
  • HBO сериалды ең табысты жоба деп атады. «Тақтар ойынын»  жасаушылар бір серия үшін 100 мың доллар алады, ал жетінші маусым көрсетілгеннен кейінгі жиынтық түсім 2017 жылы 6,3 млрд долларға жетті. Бұл сомаға патенттерден түскен табыс қосылмаған.
  • «Сериалдың актерлері Америка киносы мен сериалдарының Гильдиясының мүшелері ретінде теледидардан әр көрсетілімнен ақша алады. «Тақтар ойынына» түскен адамдар өмірінің соңына дейін үш таңбалы және төрт таңбалы сомамен чектер алатын болады. Американың немесе кез келген басқа елдің теледидарындағы әрбір көрсетілім ұзақ уақыт қосымша табыс әкеледі», — дейді Tzar Pictures компаниясының президенті, продюсер Александр Изотов.
  • Сериал аяқталғаннан кейін табыс табуға тағы бір мүмкіндік — туризм. Бұл Жаңа Зеландияда оң нәтиже көрсетті,  «Сақиналар әміршісі» шыққаннан кейін туризмнен түсетін табыс көбейген. HBO сериал түсірілімдерінің орнын туристік жерлерге айналдыруға шешім қабылдады. Қазірдің өзінде кейбір аймақтарға жанкүйерлер келе бастады. Хорват Загребіндегі Экономика институты есепте «экрандық туризм» терминін пайдалана отырып, туристік ағынның  2012 жылдан 2015 жылға дейін 60 мың адамға артқанын мәлімдеді. Туристер жұмсаған ақша 2009 жылдан бері қаржылық дағдарыста болған елді құтқаруға септігін тигізді.

Дерекөзі: thebell.io

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!