Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды

12:26, 13 маусым 2019
379

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылды. Бұл туралы Президенттің «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығында жазылған.

Ведомство Қазақстан Президентіне тікелей бағынады және есеп береді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып өзгертілді. Жарлықта ведомство мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылатыны атап өтілген.

Сондай-ақ Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі аппаратымен бірге бір ай мерзімде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің штат санын қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды қарауға енгізуге міндетті.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!