«Star of Asia» фестивалін тікелей эфирден 118 ел көреді

10:43, 18 тамыз 2017
413

Алматы. 18 тамыз. 7kun.kz — Ұйымдастырушылардың хабарлауынша музыкалық шоуды тікелей эфирден жер шарының 118 елі көретін болады, ал бұл бүкіл Еуропа, Азия мен Америка. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәдени шараны ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша қазірдің өзніде билеттердің 80%-дан астамы сатылып кеткен.

Естеріңізге саламыз, Алматыда мұндай форматтағы музыкалық фестиваль алғаш рет өтеді әрі ол «Азия дауысы» конкурсы дәстүрінің символикалық жалғасына айналады. Мәдени шара ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған және Қала күніне арналаған қомақты шаралардың бастауы болып табылады.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!