SpiceJet әуе компаниясы Алматы-Дели бағытындағы рейсті іске қосады

16:12, 12 сәуір 2019

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Үндістандық SpiceJet әуе компаниясы ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап Дели – Алматы – Дели бағыты бойынша тұрақты әуе рейсін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР ИИДМ-нің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, рейстер аптасына 6 рет Boeing-737 әуе кемелерінде орындалады.

«Аталған рейстің ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық қарым – қатынасты, Қазақстанның транзиттік әлеуетін және туристік саласын дамытуға ықпал етеді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, комитет Пәкістанның әуе кеңістігін одан әрі жабуды жалғастырса SpiceJet әуекомпаниясының Оман, Иран, Ауғанстан және Өзбекстан әуе кеңістігі арқылы рейстерді орындауға ниетті екенін хабарлады. Бір жаққа ұшу ұзақтығы шамамен 7 сағатты құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!