S&P «АТФБанктің» рейтингтерін растады

15:15, 15 қазан 2019

Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — S&P Global Ratings «АТФБанк» АҚ рейтингтерін «тұрақты» болжаммен «B-/B»деңгейінде растады. Талдаушылардың пікірінше, өтімді активтер міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті.

«Біз «АТФБанк» АҚ рейтингтерін растадық, себебі ол өзінің қаржылық міндеттемелерін орта мерзімді перспективада орындай алады деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, Банктің өтімді активтері келесі жылы борыш бойынша айтарлықтай төлемдер болмаған жағдайда міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті», — делінген рейтингтік агенттіктің хабарламасында.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банктің өтімділіктің пруденциалдық коэффициенті (K4) 0,89х құрады, бұл реттеуші белгілеген ең төменгі 0,3х деңгейінен едәуір көп. Клиенттердің шоттары салыстырмалы түрде тұрақты, соңғы бірнеше айда өсімді көрсетті.

«АТФБанк» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, банк өзінің негізгі қызметіне арналған қаржылық көрсеткіштері, сондай-ақ шағын және орта бизнес секторындағы, сондай-ақ бөлшек саудадағы банктің үлесін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асырудың арқасында оң нәтижелер алды.

«АТФБанк өз дамуында тұрақты. Банк корпоративтік, сондай-ақ бөлшек банктік қызметтер саласында өз клиенттеріне сенімді қаржы серіктесі болды және солай болы қалады. Клиенттеріміздің экономикалық мүдделерін назардан тыс қалдырмау — банктің басты басым міндеті», — деді АТФБанктің басқарма төрағасы Сергей Коваленко.

Қазақстан Ұлттық Банкінің деректері бойынша, АТФБанк активтердің көлемі және жиынтық депозиттік портфель көлемі бойынша 5,4% және 5,1% нарық үлесімен, кредиттік портфель көлемі бойынша 7,2% нарықтық үлесімен үздік 5 банктің қатарына кіреді. Сонымен қатар, жыл басынан бері NPL деңгейі 9,25%-дан 8,31%-ға дейін төмендеді. Қазақстандық ұлттық шкала бойынша, АТФБанк «kzBB» деңгейінде рейтинг растауын алды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!