S&P Альфа-Банктің рейтингін көтерді

13:28, 20 ақпан 2017

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі  Альфа-Банк еншілес банкінің ұзақмерзімді кредиттік рейтингін «тұрақты шамада» деп бағалап, «BB-» деңгейіне бекітті. Бұл туралы LS жазды.

Ұлттық өлшем бойынша рейтинг «kzBBB-» деңгейінен «kzA-» шамасына дейін көтеріліп, банктің қысқамерзімді рейтингі «В» деңгейіндегі қалды.

Банк рейтингіне әсер еткен факторлар қатарында, S&P сарапашыларының айтуынша, тұрақты өсіп келе жатқан табыстың рискті азайтуы, өтімділіктің жоғары деңгейі мен өткен жылғы табыстың жоғары деңгейі бар. Одан бөлек АВН Holdings S.A (ABHH) еншілесі болып отырған банк ресейлік Альфа-Банктегі риск-менеджменттің заманауи операциялық жүйелері мен тәжіриебесін қолдана алады.

S&P пайымдауынша, банктің өзімен қатар басқа да институттармен салыстырғанда табыс деңгейі өте жоғары. Сондай-ақ олар алдағы 12-18 айда банктің қаржылық өсімі мен көрсеткіштері тұрақты болады деп болжап отыр.

 

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!