Сот АлмаТВ-ның акционерін банкрот деп таныды

12:30, 20 маусым 2018

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған соты АлмаТВ акционері AssetInvest компаниясын банкрот деп таныды. Бұл туралы lsm.kz хабарлады.

Сотта судья Арман Тұрғынбаев AssetInvest-ті банкрот деп тану туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ компанияны жою және барлық филиалдарын есептік тіркеуден шығару туралы шешім шығарылды. Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы уақытша басшы Оспанбековке берілді.

Естеріңізге сала кетсек, біраз уақыт бұрын авторлық құқықтарды бұзғаны үшін Алма ТВ компаниясының 2,2 млрд теңге мөлшеріндегі мүлкіне тыйым салынған болатын.

AssetInvest Алма ТВ 100% акцияларының иесі.

Бүгін Алма-ТВ өкілдері сот шешіміне қарамастан “клиенттер мен серіктестеріне алаңдауға негіз жоқ” деп хабарлады. Өйткені AssetInvest  бөлек кәсіпкерлік нысаны және оның “АлмаТелекоммуникейшнс Казахстан” АҚ қатысы жоқ.

Айта кетейік, 20 сәуірде Қазақстанның Қор биржасында “АлмаТелекоммуникейшнс Казахстан” АҚ-ның 2,18 млрд теңге көлеміндегі қаражаты мен мүлкі бұғатталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Қазіргі кезде ол әлі шешілмеген, компания заңгерлері келіссөз жүргізуде.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!