СҚО-да Жаңа Қазақстан туралы бейнероликке 9,7 миллион теңге жұмсалады

10:00, 20 маусым 2022

СҚО. 20 маусым. 7kun.kz – Бейнекроликтер мен сюжеттер «Екінші Республика. Жаңа Қазақстан» жобасын іске асыру мақсатында түсіріледі, деп жазылған мемлекеттік сатып алу порталындағы түсіндірмеде.

Солтүстік Қазақстан облысының халық шығармашылығы орталығы 9 миллион 750 мың теңгеге екі минуттан алпыс минутқа дейінгі отыз бейнероликтерге тапсырыс бермек. Олар ауыл өмірі, ұрпақтар қарым-қатынасы, «Конституциялық өзгерістердің Солтүстік Қазақстан облысының өміріне әсері» туралы болмақ.

Лот мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған және 22 маусымға дейін өтінімдерді қабылдау сатысында.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!