Шымкентте шығарылатын аяқ киімдер Ресейге экспортталмақ
Шымкентте шығарылатын аяқ киімдерге бүгінде сұраныс артып, импортты алмастырып келеді.
«Қазақстанда жасалған» деген таңбамен ел нарығында сатылып жатқан аяқ киімдер былғары және қолтырауын терілерінен жасалады. «Заря» деген сауда белгісімен өнім шығаратын цех ерлер, әйелдер және балаларға арналған қыстық, жаздық және спорттық 27 түрлі аяқ киім шығарады. Қазіргі заманға лайықты 180 модель тігіледі.
Өнімдер шетелдіктен еш кем емес екенін айтқан кәсіпкер аяқ киімді бір сатып алған адам тұрақты клиентке айналатынын айтуда. Себебі сапасы жоғары, жағымсыз иіс шығармайды. Отандық өнім шығарып отырған кәсіпкер шикізаттың басым көпшілігін Шымкенттегі Қаракөл зауытынан және Алматы мен Семей қалаларынан алып отыр. Өнімін экспортқа шығаруды көздеп отырған цех басшысы бүгінде Ресей кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізген. Келісім оң нәтижесін берсе, олар айына 1000 жұптан астам өнім алмақ.
Сондай-ақ цех өніміне Астана мен Ақтөбе қалаларының кәсіпкерлері де қызығушылық танытып отыр. Олар өз қалаларында «Заря» аяқ киім дүкенін ашуды көздеуде. Бүгінде 30-40 жұп аяқ киім шығарып отырған цех өнімдерін ОҚО мен Жамбыл, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласының нарығына шығарып келеді.
Айта кетейік, өнімнің бағасы да қалтаға қонымды. Мәселен ерлерге арналған аяқ киім 5-10 мың теңге аралығында болса, әйелдер аяқ киімі 5-15 мың теңге төңірегінде. Ал балалар аяқ киімін 4000-8000 теңгеге сатып алуыңызға болады.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл