ШОБ субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы қалай жүзеге асуда?

14:25, 21 қазан 2020

ҚР Ұлттық банкінің хабарлауынша 20 қазандағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер 564,3 млрд теңге сомасына 2 277 өтініш қабылдаған.

Оның ішінде 428,7 млрд теңге сомаға 1 360 ШОК субъектілері (202 ДК және 1 158 ШОК) қаржыландырылған.

Бағдарламаны сауда саласындағы шағын және орта бизнес субъектілері – 297,8 млрд теңге (70%), құрылыс саласында – 43 млрд теңге (10%), өңдеу өнеркәсібінде – 38 млрд теңге (9%) мөлшерінде пайдаланды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес коронавирус пандемиясынан туындаған төтенше жағдайға жауап ретінде әзірленген ШОБ субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мұның аясында төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен ШОБ субъектілеріне қолдау көрсетіледі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!