ШҚО-да қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт іске қосылады

16:07, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылдың жазында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт іске қосылады.

Жоба құны 450 миллион теңгені құрайды. Жобаны жеке кәсіпкер Виктор Стребков жүзеге асыруда.

«Қазір біз нысанның іргетасын құйып, қабырғаларын бекітетін бағаналар орнаттық. Әне-міне дегенше, ангар дайын тұрады. Шикізатты өңдейтін қондырғылардың бір бөлігін сатып алып қойдық. Қалғанын мамыр айында әкелеміз. Қысқасы, маусымда жұмысты толық аяқтап, кәсіпорынды қатарға қосуымыз керек», – дейді Виктор Стребков.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды пиролиз әдісімен өңдейтін мұндай зауыт бұл күнде Ресейде, Еуропа елдерінде болғанымен, Қазақстанда әзірге жалғыз. Сонымен қоса кәсіпорын басшылығы сұрыптаумен және басқа да жұмыстармен айналысатын жиыны 17 адамды жұмысқа алуға дайын.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!