Шетел валютасындағы депозит мөлшерлемесің жоғары деңгейі 1,5 пайызға дейін төмендетілді

13:53, 23 маусым 2017
442

Алматы. 23 маусым. 7kun.kz — Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының директорлар кеңесі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғары деңгейдегі сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Бұл туралы қоғаммен байланыс департементі хабарлады.

Жаңадан тіркелген жеке тұлғалардың теңге бағамындағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшері бұрыңғы деңгейде, яғни 14% көлемінде сақталады. Сондай-ақ, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) Директорлар кеңесі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап шетел валютасындағы депозиттердің ұсынылған ең жоғары деңгейдегі мөлшерлемесін 1,5% дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚДКБҚ ұсынған ең жоғары деңгейдегі мөлшерлемесі шартты емес нәтижелі мөлшерлемелерге қатысты екенін еске саламыз. ҚДКБҚ банктік салымдарды, ағымдағы шоттағы қалдық ақшаға және төлем карталарына сыйақы мөлшерінің көлеміне қарамастан кепілдік беретіні банк салымшыларының назарын аудартады.

Айта кетейік, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (КДКБҚ)екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін 1999 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ұйымы.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!