Шамалғандағы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

09:41, 16 қыркүйек 2019

Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz – Шамалғандағы оқиға орнында Көліктегі полиция департаментінің және Алматы облысы Полиция департаментінің тергеу-жедел тобы жұмыс жасауда. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Орын алған жағдайдың себебі мен мән-жайын анықтау мақсатында ҚР ІІМ мен ҚР ИИДМ қызметкерлері есебінен комиссия құрылып, оқиға орнына жіберілді», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше «Алматы-Шамалған» жолының реттелетін темір жол өткелінде бағдаршамның тыйым салуына қарамай темір жолға шығып кеткен №456 «Алматы — Шамалған» бағытында жүретін мемлекеттік нөмірі 757 AR 05 «Сетра» маркалы автобус пен №43 «Алматы-Қостанай» жолаушылар поезды cоқтығысты.

Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі қаза болып, 3 жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!