Шағын бизнес 976 млрд теңге салық төледі

12:39, 18 қыркүйек 2019
466

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық түсімі 976,2 млрд теңгені құрады.

2017 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда (шамамен 827,9 млрд теңге) түсімдер 17,9%-ға өсті.

Мемлекеттік кіріс комитеті ұсынған деректер бойынша 2016 жылы шағын бизнес 781,3 млрд теңге, ал 2015 жылы – 670,4 млрд теңге төледі.

Төрт жыл ішінде кәсіпкерлер 3,2 трлн теңге төледі.

Осы уақыт ішінде ең көп түсім Алматыдан түсті. Шағын компаниялар 1,1 трлн теңге салық төледі.

Елордалық кәсіпкерлер 477,4 млрд теңге төлем төледі, Қарағанды облысынан – 173,1 млрд теңге, Атырау облысынан – 158,2 млрд теңге, ШҚО-дан – 151,7 млрд теңге, Алматы облысынан – 148,1 млрд теңге, Ақтөбе облысынан – 139,9 млрд теңге түсті.

Маңғыстау облысының шағын бизнесі 137,5 млрд теңге, Шымкент – 136,1 млрд теңге, Қостанай облысы – 112 млрд теңге, Павлодар облысы – 104,4 млрд теңге, ал БҚО – 101,4 млрд теңге төледі.

Сонымен қатар, ең аз салық Ақмола (85,6 млрд теңге), Солтүстік Қазақстан (67,1 млрд теңге), Жамбыл (55,8 млрд теңге), Қызылорда (52,6 млрд теңге), Түркістан облыстарының (43,2 млрд теңге) кәсіпкерлерінен түсті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!