Сәуірде 50 млрд теңгеден астам қаражат шетелге аударылды

15:52, 27 мамыр 2019

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылғы сәуірде халықаралық аударымдар жүйесі арқылы 89,2 млрд теңгеге 407 мың транзакция жүзеге асырылды, деп хабарлайды Ұлттық банкте.

Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, шет елдерден 52,1 млрд теңгеге 235,2 мың транзакция жүзеге асырылды.

Ең көп ақша Ресейге – 18,8 млрд теңге, Өзбекстанға – 9,9 млрд теңге және Түркияға – 7,5 млрд теңге жіберілді. Ең аз қаражат Тәжікстанға – 929,8 млн теңге, Арменияға – 726 млн теңге және Грузияға – 557,9 млн теңге аударылды.

Жөнелтілген ақшаның жалпы көлемінің негізгі үлесі доллармен (65,9%) және Ресей рублімен (26,8%) жүргізілді.

Сонымен қатар, Ұлттық банктің мәліметінше, бір айда Қазақстанға шетелден 32,8 млрд теңгеге 149 мың транзакция жасалды. Ең көп ақша Ресейден — 14,3 млрд теңге түсті. Екінші орында — Корея — 5,5 млрд теңге, үшінші орында — шамамен 3 млрд теңгемен Өзбестан. Бұдан басқа, сәуір айында АҚШ-нан 1,5 млрд теңге, ал Германиядан 1,1 млрд теңге аударылды.

Осы кезеңде ең аз ақшаны Тәжікстаннан (492,1 млн теңге) және Беларусиядан (350 млн теңге) аударған.

Алынған қаражаттың жалпы көлемінің негізгі үлесі 58,4%-ы долларда және 27,2%-ы ресей рублінде жүргізілді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!