Сенат Дональд Трампты импичмент ісі бойынша ақтады

11:28, 6 ақпан 2020

Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz — АҚШ конгресінің сенаты президент Дональд Трампқа қатысты импичмент туралы іс бойынша ақтау шешімін шығарды.

Трампты кінәлі деп тану үшін жоғарғы палатаның 48 мүшесі айыптаудың бірінші тармағы бойынша және екінші бөлігі бойынша 47 мүшесі дауыс берді, қарсылықтарын тиісінше 52 және 53 мүшесі білдірді. Өз кезегінде, президентті қызметінен ауыстыру үшін сенаторлардың үштен екісінің дауысы қажет болды.

Осылайша, сенат желтоқсан айында Өкілдер палатасында Дональд Трампқа қарсы тағылған айыптарды растауға келіскен жоқ. Президент Украинаға әскери көмек төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдағандықтан және осы көмекті тоқтату оқиғасын тергеуге кедергі келтіргендіктен, билікті теріс пайдаланды деп айыпталды.

Демократтар Сенаттың шешіміне разы еместігін білдірді.

«Егер зұлымдық тоқтатылмаса, ол вирус ретінде таралады. Біз улы Президентке Сенатты жұқтырып, оның әрекетін өзіне бағындыруға мүмкіндік бердік»,-деп мәлімдеді АҚШ-тың вице-президенті лауазымына бұрынғы үміткер, демократ-сенатор Тим Кейн.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы желтоқсанда Өкілдер палатасы Дональд Трампқа тағылған айыптарды екі санат бойынша қолдады. Біріншіден, президент Украинаға 391 миллион АҚШ доллары көлемінде әскери көмек төлемдерін бұғаттауға байланысты билікті асыра пайдаланды деп айыпталды. Олардың пікірінше, президент көмек қолын соза отырып, Киевтегі билік өкілдерін болашақ сайлауда Дональд Трамптың мүмкін болатын қарсыласы, демократ Джо Байденге қарсы тергеуді бастауға мәжбүр етті, оның ұлы украиндық Burisma Holdings компаниясында жұмыс істеді. Екіншіден, демократтар Дональд Трампты Конгреске әскери көмекке тыйым салуға байланысты эпизодты тергеуге кедергі келтірді деп айыптады.

Дональд Трамп пен оның серіктері барлық айыптарды жоққа шығарды. Олар президенттің Украинадағы көмекті тоқтату туралы шешімін осы елдегі жемқорлықтың жоғары деңгейіне байланысты алаңдаушылықпен байланыстырды.

Дональд Трамп импичмент рәсімі басталған АҚШ тарихындағы үшінші көшбасшы болды. Оның алдында Эндрю Джексон мен Билл Клинтонға қатысты сот ісі жүргізілді. Сенатта Трамптың сот ісі 12 күнге созылды (2020 жылғы 22 қаңтар — 5 ақпан), Клинтон — 35 күн (1999 жылғы 7 қаңтар — 12 ақпан) және Джексон — 71 күн (1868 жылғы 5 наурыз — 16 мамыр). Бұл процестердің ешқайсысы президенттің отставкасына әкелген жоқ және әр жағдайда Сенат ақтау үкімін қабылдады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!