«Сбербанк» жеке кәсіпкерлер үшін бизнесті онлайн-тіркеу қызметін шығарды

12:18, 16 ақпан 2018

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz — «Сбербанк» бизнесті онлай-тіркеу, сондай-ақ есеп айырысу шотын қашықтықтан ашу мүмкіндігін ұсынды. Тегін қызмет көрсету «Деловая среда» еншілес компаниясы арқылы жұмыс істейді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2018 жылдың соңына дейін жалғасатын зерттеу аясында, бұл қызмет тек Калуга, Твер және Тула облыстарында ғана қол жетімді болады. Бизнесті қашықтықтан тіркеудің алғашқы сатысында жеке кәсіпкерлерлер тіркеле алады. Болашақта «Сбербанк» ЖШҚ-ны бір құрылтайшымен онлайн-тіркеу мүмкіндігін қосып, қызмет көрсетуді Ресейдің барлық аумағында іске қосуға уәде береді.

Зерттеуге «Сбербанк Онлайнның» 18-ден асқан барлық қолданушылары қатыса алады. Бизнесті тіркеу үшін ресейлік құжат, биометрлік шетелдік төлқұжат және жеке шоттың сақтандыру нөмірі қажет.

Биометрлік шетелдік төлқұжаттың керектігін банк қауіпсіздік талаптарымен түсіндірді.

«Банк өтініш берушінің жеке басын криптографиялық қорғалған түрде тексеруге міндетті. Қазіргі кезде биометрлік төлқұжаттың көмегімен ғана осылай тексеруге болады», – дейді «Сбербанк» аға вице-президенті Анатолий Попов.

«Сбербанкте» кашықтықтан бизнесті тіркеп, қалай есеп айырысу шотын ашуға болады?

  1. Клиент жеке мәліметтерін ұсынып, оны «Сбербанк Онлайн» қосымшасында растау қажет.
  2. Қызмет түрі мен салық салу жүйесін таңдап, есеп айырысу шоты бойынша жоспарланған жүйелерді көрсету міндетті.
  3. Арнайы қосымша мен биометрлік шетелдік төлқұжаттың көмегімен тұлғалықты растап, құжаттарды дәлелдейтін электронды қолтаңбаны растау керек.

Клиенттің өтінішін қарастыру мен бизнесті тіркеудің шешімі 3 күнде шығады. Оның үстіне, ол өтініш берген күнді қоспағанда. Соңында, тіркеу расталғаннан кейін шот ашу үшін құжаттарға қол қою қажет.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!