Саяхатты қиындықсыз өткізуге көмектесетін 10 гаджет

12:58, 16 қыркүйек 2019

Саяхат адамның таным көкжиегін кеңейтіп, бірсарынды өмірге басқаша көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе, табиғат аясында демалу өзгеше әсер қалдырады. Сондықтан жиһангездер сапарды ғана ойлап қоймай, оның қолайлы өтуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Бұл адамның жаңа нәрселерді сынап көруге деген ұмтылысын білдіреді. Өз кезегінде, қазіргі заманғы жаңа технологиялар тәжірибелі және әуесқой саяхатшылар сапарының қиындықсыз өтуіне жағдай жасайды. Ендеше, 7kun.kz саяхатты жеңіл өткізуге көмектесетін гаджеттермен таныстырады.

1.Шектеусіз байланыс

Бұрындары, өзге елдің аумағында жүріп, үнемі байланыста болу мүмкін емес еді. Себебі, бірнеше мәселелер туындайтын: SIM карта сатып алу керек, роуминг және т.б. Ал қазір жердің бір бөлігінен екнші жартысымен байланыс қиындық тудырмайды. Skyroam Solis гаджеті ықшам өлшемді болғандықтан багаждан көп орын алмайды. Есесіне, функционалына 6000 мАч зарядтау құрылғысы және Wi-Fi таратқышты біріктіреді. Ол әлемнің 130-дан астам елінде Wi-Fi-ге шексіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді және интернетті 5 құрылғыға тарата алады.

2. Ұялы желі және спутниктерсіз байланыс

Топтық саяхатта, мәселен туристік жорық немесе қызық жерлерге экскурцияда топтағы жолсеріктеріңмен байланыс орнатуда қымбат роумингті пайдаланудың қажеті жоқ. Ол үшін GoTenna Mesh гаджетін алу керек. Аталмыш гаджет кез-келген смартфонға қосылады және ұялы желі, спутниктер мен Wi-Fi-ға қол жетімді болмаса да, осы құрылғының басқа да иелеріне хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.

3. Заттардың көлемін азайтатын багажды буып-түюші

Vago шағын вакуумды компрессор — саяхат үшін тамаша гаджет. Оның ұзындығы — 70 мм, ал салмағы — 77 грамм. Құрылғы бірнеше минут ішінде заттар салынған сөмкедегі ауаны сорып, көлемін екі есе азайтады. Vago қысым датчигімен жабдықталған, сығу процесі аяқталғаннан кейін автоматты түрде тоқтатылады және оны жарық сигналымен хабарлайды.

4. Көпфункционалды фляга (құты)

VSSL көп функционалды флягасы — кез-келген турист үшін таптырмас аксессуар, ол таза ауада көңіл көтеруге мүмкіндік береді. Шағын құты су өткізбейтін берік алюминийден жасалған. Бөтелкелерге арналған ашқыш, тот баспайтын болаттан жасалған екі рюмка және сусын құятын сыйымдылығы 9 унция резервуарды кірітіреді. Сонымен қатар, гаджет жолдан адаспауға көмектеседі. Себебі, құрылғы компаспен және қуатты шаммен жабдықталған.

5. Несиелік карта форматындағы пышақ

Сапарда тосын оқиғалар болуы әбден мүмкін, сондықтан қауіпсіздік шараларын ойластырып қойған жөн. Мұндай сәтте Cardsharp2 пышақ портативті моделі саяхатшы үшін тамаша шешім болады. Британдық Iain Sinclair Design студиясы жасаған стильді ультра жіңішке және өте жеңіл пышақтың салмағы небәрі 14 грамм. Оның корпусы полипропиленнен, ал жүзі хирургиялық болаттан жасалған. Бүктелген түрде пышақ несие картасы сияқты көрінеді және әмиянға оңай орналастырылады. Пышақ кездейсоқ ашылудан сақтайтын шектеуішпен жабдықталған, сондықтан алып жүру қауіпті болмайды.

6. Автономды шам

Тікелей күн сәулесінен зарядталатын LuminAID үрленетін шамдары туристік жорықтағы керекті заттардың бірі. Гаджеттің арсеналында екі функция бар: бес жұмыс режимі бар шам және зарядтау құрылғысы. Портативті, жеңіл және су өткізбейтін фонариктер жартылай мөлдір пластикалық пакет түрінде жасалған, оған күн батареясы мен сыйымдылығы 2000 мАч аккумуляторы біріктірілген. Жол сөмкесіне ілінеді, сол арқылы күн жарық кезде заряд алады.

Қызықты ақпарат: үрлемелі фонарикті ойлап тапқан Анна Сторк (Anna Stork) және Андреа Срешта (Andrea Sreshta), алғашқыда оны табиғи апаттар кезінде қолдануға арналған жарықтандырғыш құрал ретінде әзірледі. Содан кейін құрылғы таза ауада демалатындар арасында жоғары бағаға ие болды. Шамдардың бір бөлігі қайырымдылық-коммерциялық схема бойынша іске асырылады. Одан түскен табыс қарулы қақтығыстар аймақтарында, апаттан зардап шеккен жерлерде, сондай-ақ электр желілерімен проблемалар бар дамушы елдерде мұқтаж адамдарды LuminAID шамдарымен қамтамасыз етуге жұмсалады.

7. Фото мен видео жасайтын күннен қорғайтын көзілдірік

Spectacles V2 көзілдірігі сәнді көрінеді және көзіңізді күннен қорғайды. Бірақ ең бастысы, бұл емес. Құрылғыда 10 секундтық бейне және фотосуретті жоғары ажыратымдылықпен түсіруге мүмкіндік беретін камера орнатылған. Көзілдірікпен тіпті таяз суда да кадрлар жасауға болады. Бір заряд 70 видеоға жетеді. Қаптамаға салынған зарядтау құрылғысының көмегімен зарядталады.

8. Суды тазартатын бөтелке

Саяхат кезінде әрдайым таза су кездесе бермейді. Бұлақ көзінен алынған немесе жолда кездескен крандағы су қаншалықты таза десек те, оны сүзгіден өткізбей, ішпеген дұрыс. Әсіресе, Африка, Азия, Орталық Америка сияқты жерлерге саяхаттағанда сүзгі міндетті түрде болуы керек. Ал сапар үшін ең ыңғайлысы — кіріктірілген сүзгіші бар өте жеңіл Grayl бөтелкесі. Оның сыйымдылығы — 473 мл, ал салмағы — 309 грамм. Grayl 15 секунд ішінде суды вирустар мен бактериялардан тазартады. Құрылғы таза суды сатып алуға кететін ақшаны үнемдеп, кез келген жерде судың уайымысыз жүруге мүмкіндік береді.

9. Кір жууға арналған сөмке

Табиғат аясына саяхаттаған кезде адамға ыңғайлы болуы үшін барлық жағдай жасалмайды. Далаға бір-екі күнге түнеудіге аттансаңыз, тіпті қиын. Себебі, шаң мен шөптің арасында жүріп, киіміңізді ластап алуыңыз әбден мүмкін немесе күтпеген жағдайлар орын алады. Осындай сәтте Scrubba кір жууға арналған сөмкесі көмектеседі. Ол үшін киімді алып, органикалық жуғыш зат және көп мөлшерде су құю арқылы құрылғыға салып, сүрту жеткілікті. Тек киім кептіретін жерді тапсаңыз болғаны.

10. Ілінетін шатыр

Tentsile Tree Tents шатырын кез келген ортаға ыңғайлы орналастыруға болады. Оны жердің үстінде кәдімгі шатыр ретінде, сондай-ақ тіреу ретінде үш ағашты пайдалана отырып, гамак тәрізді ауада құру мүмкін. Белдіктер бұраудан қорғау жүйесімен жабдықталған, сондықтан шатыр ішінде ешнәрсе ортаға домаламайды. Шатырдың су өткізбейтін матадан жасалған тысы бар. Ал торлы экран жәндіктерден қорғайды, сондай-ақ жұлдызды аспанды анық көрсетеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!