Сату саласындағы кәсіпорындардың жартысы Алматы мен Нұр-Сұрсұлтанда тіркелді

12:26, 10 желтоқсан 2019
468

Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz — Көтерме және бөлшек сауда саласында, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу және оларды сату бойынша 2019 жылдың қазан айының соңында 131 мың шағын кәсіпорын тіркелді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,2%-ға артық. Барлық тіркелген шағын компанияларағы үлесі бір жыл ішінде 30,6%-дан 30%-ға дейін төмендеді. Мұндай мәліметтерді finprom.kz ұсынды.

Оның ішінде 81,1 мың шағын компания жұмыс істейді, бір жылда өсім — 11,4%. Бұл жұмыс істеп тұрған барлық шағын бизнестің үлесін 27,3%-дан 27,6%-ға дейін арттырды.

Барлық тіркелген шағын сауда кәсіпорындарының жартысына жуығы Алматы мен Нұр-Сұлтанға тиесілі: тиісінше 43,1 мың және 21,1 мың, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары — 24,2 мыңы — Алматыда және 14 мыңы — Нұр-Сұлтанда.

Сауда саласындағы шағын компаниялардың ең аз саны Түркістан облысында, онда 2 мың ғана тіркелген кәсіпорын бар, олардың ішінде 1,2 мыңы жұмыс істейді. Снымен қатар, Қызылорда облысы да осы тізімге кіреді: 1,8 мың тіркелген, олардың 1,2 мыңы секторда жұмыс істейтін шағын компаниялар.

Сауда саласындағы шағын белсенді компаниялардың саны 38,8 мыңды құрайды, бір жылда өсім — 6,5%. Олардың барлық белсенді шағын бизнестегі үлесі — 24,3%.

Сонымен бірге, көтерме және бөлшек саудадағы, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеудегі белсенді шағын компаниялардың үлесі бір жыл ішінде 50%-дан 47,8%-ға дейін төмендеді.

2019 жылғы қаңтар-қазанда шағын кәсіпорындар сегментіндегі сауда көлемі 23,1 трлн теңгені құрады, оның 16,5 трлн теңгесі — көтерме сауда, 6,5 трлн теңгесі — бөлшек сауда.

Көтерме сауданың жиынтық көлемінде шағын кәсіпорындардың үлес салмағы 82,7%, ретейл — 72,4% құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!