Сарапшылар: Баламалы энергия көзіне көшуде Қазақстанның ұстанымы нық

21:33, 19 қыркүйек 2017

Жалпы елордада өткен EXPO көрмесі Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Жаңа технологиялық жетістіктердің әлемдік энергожүйеде алар орны қандай болады? Бүгін Астанада Қазақстан мен Ресей сарапшылары бас қосып, осы сауалдарға жауап іздеді. «Баламалы энергия көзіне көшу – күллі әлемге ортақ мәселе. Қазақстанның бұл бағыттағы ұстанымдары нық», – деді жиналғандар.

Алексей Чекрыжов, «Бірлік-Единство» Еуразиялық интеграциялық геосаяси орталығының жетекшісі /Ресей/:

-Қазақстандық әріптестермен бірге EXPO халықаралық көрмесінің қорытындысына бастапқы бағамызды беріп жатырмыз. Көрмеде ұсынылған ғылымды қажет ететін технологиялар төңірегіндегі мәселелер қарастырылмақ. Көрменің ұйымдастырушылары алға қойған мақсаттарын артығымен орындады деп есептеймін.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!