Сарапшы арзандатылған газ нарығындағы жаңа ережелерді түсіндіріп берді

09:56, 14 шілде 2018

Алматы. 14 шілде. 7kun.kz – Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Айжан Мұқышбаева жақында Қазақстан Президенті қол қойған «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңның жаңа редакциясын түсіндіріп берді, деп хабарлайды inform.kz.

Сарапшының сөзіне қарағанда, тың өзгерістер ең алдымен арзандатылған газдың заңсыз экспортына тосқауыл қоюға бағытталған. Қазіргі таңда арзандатылған газдың тоннасы Қазақстанда 38 мың теңге, ал Ресейде 141 мың теңге, Тәжікстанда 161 мың теңге, Ауғанстанда 180 мың теңге тұрады. Шекаралас елдермен салыстырғанда сұйытылған газдың бағасы бізде төмен болғандықтан, бұл жағдай «көлеңкелі» экспортты «ұйқысынан оятқан». Міне, сондықтан осыдан былай заңға сәйкес, Қазақстанда сұйылтылған газдың барынша толайым бағасы белгіленіп отыр.

Сарапшы өз сөзінде атап өткендей, 2020 жылға қарай Энергетика министрлігі электронды сауда алаңын қосу жолымен сұйытылған газдың бағасын реттеуден толығымен бас тартады. Демек, алдағы уақытта цифрлы алаңда газдың бағасы нарыққа қарай реттелмек. Сонымен бірге, тұтынылатын газ мөлшерінің 10 пайызын қолданып отырған халықтың әлеуметтік осал бөлігіне жеңілдіктер қарастырылған.

«Екіншіден, бұл шығынға жұмыс істеп отырған зауыттардың кірісін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда сұйытылған газдың бөлшектік саудасы толайым саудадан қарағанда едәуір төмен. Сұйытылған газдың өткізілуінде негізгі пайданы зауыттар емес, делдалдар алып отыр. Мұндай жағдайда зауыттарға арзандатылған газды ішкі нарыққа жеткізу бұрынғыша тиімсіз болып қала береді де, өндірістің көлемін арттыру ешқандай пайда әкелмейді. Заңның жаңа редакциясына сәйкес, электронды сауда биржасы арқылы сатылатын барлық газға Энергетика министрлігі бекіткен толайым шекті баға қатысты болмай қалады. Сонымен бірге, 2021 жылдан бастап газжелілік ұйымдардың аккредитациясы институты алынып тасталады», – дейді Айжан Мұқышбаева. Сөз соңында сарапшы жаңартылған заңның ережелері ішкі нарыққа жеткізілетін арзандатылған газды таратуда ашықтықты қамтамасыз етіп, сұйытылан газдың жетіспеушілігін жоятынын атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!