Сапарбаев Еңбек министрі қызметінен кетті

11:18, 20 тамыз 2019

Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалды, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы қызметінен кетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын», — делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, президенттің жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова қызметінен кетті.

«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», — делінген хабарламада.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!