Санкцияны әлсіретсеңдер, порттағы кемелерді босатамыз – Кремль

11:43, 27 мамыр 2022

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz – Ресей Федерациясы Қара теңізде қаңтарылып тұрған кемелерді батыс санкцияларын әлсіретсе ғана босатамыз деген шарт қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеген. Санкциялар жеңілдегенде Украина порттарындағы шектеу алынады дейді. РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко бейсенбіде халықаралық қауымдастық Ресейге салынған эмбаргоны қайта қараса, Кремль Қара теңіздегі шетелдік жүк кемелеріне жол ашады деп мәлімдеді.

Euronews хабарлауынша, Украинаның Қара теңіз порттарында Ресей шабуыл бастаған 3 айдан бері 20 миллион тоннадан астам астық бөгеліп тұр. Сарапшылардың айтуынша, бидай мен астық экспортының құлдырауы жаһандық азық-түлік дағдарысының өсуіне ықпал етті.

Сараевода өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Лизз Трасс Мәскеуді » Өтемақы алу үшін әлемді қинап ұстап тұр» және әлемдегі кедей адамдарға зиян тигізеді деп айыптады.

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресейдің санкцияларды алып тастаса, Қара теңіз порттарындағы шектеуді алып тастау туралы ұсынысын «бопсалау» деп атады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!