«Самұрық-Қазына» сатып алуды жеңілдетеді

16:02, 30 желтоқсан 2021
3376

«Самұрық-Қазына» Қазақстан бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін электронды дүкен арқылы сатып алудың жаңа әдісін енгізді. Бұл сатып алу мерзімін едәуір қысқартады.

Бұрын сатып алу әдісі орта есеппен 22-ден 43 жұмыс күніне дейін созылатын және 6 қадамды талап ететін, мысалы: 1 – комиссия құру, 2 – сатып алу үшін құжаттаманы дайындау; 3 – сатып алу туралы хабарландыру, 4 – ұсыныстарды қарау және қорытындылау, 5 – шарт жасасу және 6 – жеткізу. Электрондық дүкен 1-5 жұмыс күні ішінде 3 қадамда сатып алуды көздейді: электронды дүкенде тауарды таңдау, келісім-шарт жасау және жеткізу. Skstore.kz электронды дүкені – тауарларды аймақ, ТЖҚ, құны және өндіруші бойынша сүзгілеу мүмкіндігі бар ыңғайлы маркетплейс. Бүгінгі күні дүкенде 6 мыңға жуық тауар бар, 44 миллион теңгеден астам сомаға 100-ге жуық келісім-шарт жасалған. Дүкен сатушысы болу үшін skstore.kz сайтында тіркеліп, ұсыныс келісімін жасау қажет. Интернет-дүкеннің операторы QazCloud компаниясы болып табылады.

«QazCloud» ЖШС бас директоры Қасым Есергепов: «Электрондық дүкен құру идеясы тұтынушылар үшін сатып алу процедурасын жеңілдету және әлеуетті жеткізушілердің санын көбейту ниеті болды. Электронды дүкенмен шағын және орта бизнес өкілдері, әсіресе өңірлердегі сауда географиясын айтарлықтай кеңейтіп, бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Тапсырыс беруші тауарды орналасқан жеріне, бағасына және жеткізу шарттарына қарай таңдай алады, барлығы өте қарапайым және ыңғайлы».


Анықтама: QazCloud ЖШС” – АТ-инфрақұрылымын қолдау, техникалық қызмет көрсету және жаңғырту, виртуалды АТ-ресурстарды жалға алу және ақпараттық деректерді қорғау қызметтерін ұсынатын инфрақұрылымдық провайдер.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!