«Самұрық-Қазына» активтері 10%-ға өсті

18:27, 7 ақпан 2020
586

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылғы қызметінің қорытындыларын ұсынды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ахметжан Есімовтың ақпараты бойынша, қордың негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері өскен. Кіріс көлемі 2018 жылғы 10,1 триллион теңгеден 2019 жылы 10,7 триллион теңгеге артып, таза пайда 2018 жылы — 1,1 триллион теңге, ал 2019 жылы 1,2 триллион теңге болды. Қордың активтері 10 пайызға артып, 26,5 триллион теңгеге жетті.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы отандық өндірісті қолдауға, сатып алулар ісіндегі жергілікті  кәсіпорындардың үлесін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар енгізу жөнінде мәлімет берді. 

Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланғаны хабарланды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!