«Самұрық-Қазына» АҚ мұнай нарығының 2017 жылға арналған болжамын ұсынады

11:14, 13 қаңтар 2017

2016 жылы мұнай-газ нарығы бірқатар сынақтарды басынан кешірді, жаһандық нарықтың құбылмалығы мен тұрақсыздығы жағдайды тіпті күрделендіріп жіберді.

2017 жылғы мұнай нарығын қалыптастыратын негізгі себептер 2016 жылдың аяғында-ақ орын алды деуге болады. Қараша, желтоқсан айларында ОПЕК пен оған кірмейтін елдердің кездесуі өтті. Бұл кездесу жаһандық инвесторларға 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспар құруға мүмкіндік берді. 

Мұнай өндіруді тәулігіне 1,8 млн баррель деңгейінде ұстап тұру келісімінің арқасында мұнай бағасы қарашада 5%, желтоқсанда 8% өсті.

ОПЕК мұнай өндіруді қысқартқанымен, оның орны АҚШ-тағы тақтатас мұнайын өндіру есебінен толықтырылады деген болжам бар. Тіпті АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының қазіргі санымен-ақ тақтатас мұнайын өндіру көлемі 2017 жылғы 1 тоқсаннан бастап өсуге бет алды. 

2017 жылы мұнай бағасының өсімі қалыпты болады, яғни базалық сценарий бойынша барреліне орташа 50-52 доллар болмақ.

Жаһандық экономикалық өсім мұнай нарығының келешегін болжаудағы маңызды фактор болып қалып отыр. Кейбір елдердің көрсеткіштері жақсы болғанымен, өзгелерде жағдай оңды емес. Десе де 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы жоғары өсу қарқыны күтіліп отыр. ІЖӨ 2016 жылы 2,4-3,1% болса, 2017 жылы 2,8-3,4%-ға өседі деп күтіліп отыр.

Мұнайға сұраныс 2017 жылы тәулігіне орташа есеппен 1,15 млн баррельге, яғни 96,5 млн баррельге дейін артады (2016: тәулігіне +1,23 млн.). 2016 жылмен салыстырғанда өсудегі іркілістер АҚШ-та, Индияда, Еуропада байқалатын болса (баға икемділігінің төмендеуіне байланысты), Жапония мен Бразилияда сұраныс артады. 

Мұнай сұранысының артуына Қытайдың үлесі зор болады, 2016 жылғы сатылған көліктер санына қарасақ, жанармай пайдалану анағұрлым артатынын көреміз.

«Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және портфельдік инвестициялар блогының  Зерттеу және білімді басқару департаменті (бұдан былай: «Зерттеу командасы») осы хабарламадағы сараптамаға жауапты. Бұл шолуда жарияланған кез-келген пікір зерттеу командасына тиесілі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!