Samsung көзбен басқарылып ұшатын дисплейді патенттеді

17:47, 21 ақпан 2018
520

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz — Дрон дауысқа қарап ажырату қабілетіне, сондай-ақ GPS және Wi-Fi негізіндегі орналасу жүйесіне ие болуы мүмкін, деп мәлімдеді The Verge.

Samsung компаниясы жаңа патентін ішінде дисплейі бар пилотсыз дрон деп сипаттады.  Былайша, келбетіне қарап «тану технологиясына ие» ұшатын дисплей.

Ол келбетіне қарап танып қана қоймай, адамның қарашығының жай-күйін, сондай-ақ қолдың орналасуы мен ишаратты (ым)  да бақылауға қабілетті.

Құрылғы басқарудың орталық блогындағы ақпаратты бақылау жүйесіне беру үшін камерамен жабдықталған. Жүйе пайдаланушылардың көздерін, басын, қолын немесе саусақтарын бақылайды.  Адам басын, көзін немесе қолын жылжыту арқылы дрон дисплейінің ұшу жылдамдығы мен бағытын қадағалай алады.

Құрылғы тек төртбұрышты пішінмен шектелмейді. Келешекте қайта құрастырылуы мүмкін. Сонымен қатар дронда ұшу кезінде кез келген затпен соқтығысуын болдырмауға мүмкіндік беретін кедергіні анықтау блогы пайда болады. Одан бөлек құрылғыға гироскоп датчиктерін, акселемотер және дірілдеу жүйесін енгізуі мүмкін.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!