«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ басшылығында ауыс-түйіс басталып кетті

15:26, 12 қаңтар 2018

Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – Бүгін «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ атқарушы директоры Ұлан Тәжібаев пен «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов қызметінен кетті. Бұл туралы Айдар Махметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Вот и подошёл срок моей работы в Фонде «Самрук-Казына». Сегодня – последний день. Ровно 6 лет… Самое долгое мое преб…

Posted by Aidar Makhmetov on 12. jaanuar 2018. a.

Вот и подошёл срок моей работы в Фонде «Самрук-Казына». Сегодня – последний день. Ровно 6 лет… Самое долгое мое преб…

Posted by Aidar Makhmetov on 12. jaanuar 2018. a.

«Бүгін менің де «Самрұқ-Қазына» қорындағы жұмысым аяқталды. Бүгін соңғы күн. Тура 6 жыл… Менің бір қызметте ең ұзақ отырған кезім. Және менің кәсіби өмірімдегі ең қызықты кезең», – деп жазды ол.

Ол қолдау білдіргені үшін қордың экс-басшысы Өмірзақ Шүкеевке, экс-атқарушы директоры Дархан Қалетаев пен тағы бір атқарушы директор Ұлан Тәжібаевқа алғыс білдірген. Сондай-ақ, Тәжібаевтың да қордағы соңғы жұмыс күні екенін айтып өтті. Махметовтың жазуынша, бірқатар ұсыныс алып үлгерген. Оның ішінде шетелде жұмыс істеуге де ұсыныс түскен.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!