Салықтық рақымшылық аясында 37 мың кәсіпкер берешегін өтеді

12:34, 27 мамыр 2019
278

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша жалпы республика бойынша 37 150 салық төлеуші салық бересін өтеді, олар бойынша 1,9 млрд теңге сомасындағы өсімпұл және 98,7 млн теңге сомасындағы айыппұл есептен шығаруға жатады.

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 90 077 шағын және орта бизнес субъектілерінде өтелмеген салықтық берешегі болған, олардың бересі сомасы 210,4 млрд теңге, өсімпұлдар – 122,9 млрд теңге, айыппұлдар – 7,4 млрд теңгені құрағанын атап өткен жөн.

Салықтық рақымшылық ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады, осыған байланысты, шағын және орта бизнес субъектілеріне жиналған қарыздардан құтылу және мемлекеттік кірістер органдарымен қойылған барлық шектеулердің күшін жою мүмкіндігі бар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!