Сақтандыру компанияларының табысы 25%-ға ұлғайды

10:36, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында сақтандыру компанияларының табысы 133,2 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 25,8%-ға артты. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде пайда керісінше төмендеді, деп хабарлады Ranking.

Сақтандыру компанияларының кірістері негізінен операциялық қызмет есебінен алынды. Ағымдағы жылдың төрт айында кірістің 83%-дан астамы сақтандыру қызметін жүзеге асырудан, инвестициялық қызметтен 16,4%-ы және өзге қызметтерден 0,5%-ы түсті.

Сақтандыру компанияларының таза табысы жыл ішінде 6,6%-ға азайып, 21,3 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде таза пайда 22,8 млрд теңгеге теңесіп, бүкіл тарихтағы ең жоғары көрсеткішке ие болды.

2019 жылдың 1 мамырындағы ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 1,11 трлн теңгені, сақтандыру сыйақылары — 166,77 млрд теңгені, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру шығындары — 45,67 млрд теңгені, меншікті капиталы — 502,18 млрд теңгені құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!