Сағынтаев Президент әкімшілігін басқарады

11:11, 13 маусым 2019

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz — Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.

«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сағынтаев елдің премьер-министрі (09.09.2016 – 21.02.2019) және Мемлекеттік хатшы(01.03.2019 – 24.03.2019) болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!