Сағынтаев пен Исаков қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселені талқылады

13:26, 19 қазан 2017

Астана. 19 қазан. 7kun.kz – ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаковпен қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселені талқылады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев келіссөздерде шекара, көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау және ЕАЭО пен ДСҰ-ның сәйкес нормалары мен ережелері негізіндегі кедендік және салықтық әкімшілендіруге қатысты проблемалық мәселелер талқыланғаны туралы мәлімдейді.

«Мысалы біздің кеден органдарымыз қырғызстандық импорт тасымалдаушылардың Қытайдан Қазақстан шекарасы арқылы тауар тасымалдаған кезінде декларациялау шараларын талапқа сай өткізбеу әрекеттерін анықтайды. Соның салдарынан Қазақстан экономикасы зардап шегеді. Қырғыз тарапы алдыға қойылған мәселелермен келісті. Премьер-Министр Сапар Исаков Қырғызстан тарапынан өз міндеттемелері мен Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық мүдделерін орындау бағытындағы проблемаларды шешуде тиімді шаралардың қолданылатынына кепілдік берді«, — дейді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтерінің бірінші орынбасарларының төрағалығымен жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылданған.

«Жұмыс тобы 5 күн ішінде бірлескен Жол картасын әзірлеу керек. Жол картасы әзірленген соң тараптар келісілген мәселелердің жүзеге асырылуын толықтай қамтамасыз етулері керек. 2017 жылдың 19 қазаны күні сағат 00-00-ден бастап, екі елдің шекараларынан өтуде басым бағыттардың тәртібі қамтамасыз етілетіндігі жөнінде келістік. Бұл талаптар негізінен: Қордайда жүгі бар жеке тұлғалар, тұрақты жолаушылар тасымалдайтын автокөлік құралдары, жеңіл көлік, жүк көліктері үшін қолданылады», — дейді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!