Республиканың қай өңірінде қолма-қол ақшасыз төлем танымал

10:39, 19 тамыз 2019
200

Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар–маусым айларында қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2 есеге өсіп, 4,8 трлн теңгені құрады, ал осы кезеңде транзакциялар саны 192,8-ден 460,3 млн-ға артты, деп хабарлайды Ranking.kz.

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде қолма-қол ақшасыз төлем сомасы 2,2 трлн теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың алты айындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің ең көп көлемі Алматыға тиемілі: 3,3 трлн теңге, ел бойынша жалпы көлемнің үлесі 68,9%-ды құрады (бір жыл бұрын — 1,4 трлн теңге немесе 63%).

Екінші орында – Нұр-Сұлтан: өңірде қолма-қол ақшасыз төлем сомасы 408,2 млрд теңгені құрады, үлесі 8,6%-ға тең (бір жыл бұрын — 198,3 млрд теңге немесе 9,2%).

Алматы облысы үшінші нәтижені тіркеді: 218,4 млрд теңге, үлесі — 4,6% (бір жыл бұрын — 52,1 млрд теңге немесе 2,4%).

Топ-3 аймаққа ҚР бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемінің 82,1% келеді. Қалған 14 өңірдің әрқайсысының үлесі 3%-дан аспайды.

Қолма-қол ақшасыз операциялар ақша түрінде көбіне интернет және ұялы телефон арқылы жүргізілді: 63,8% немесе 3 трлн теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп (1,1 трлн теңге).

POS-терминалдар арқылы 1,6 трлн теңге (34,4%) сомаға операциялар жүргізілді, жылдық өсім 71,3%-ды құрады.

Сондай-ақ банкоматтардың көмегімен 89,1 млрд теңгеге қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізілді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!