Ресейлік миллиардер байлығының жартысын қызметкерлеріне қалдырады

00:23, 4 қаңтар 2020
904

Ресейлік миллиардер Алишер Усманов байлығын отбасы мен USM компаниясының топ-менеджерлеріне бөліп береді. Бұл туралы бизнесмен Financial Times газетіне берген сұхбатында айтқан.

Үлес теңдей 50/50 бөлінбек. Оның айтуынша туыстары қалталы адамдар. Ал менеджерлердің үлес алуға құқығы бар.

Айта кетейік, миллиардердің өзінің ұл, қызы жоқ. Тек 1992 жылдан бері некеде тұратын әйелі, Ресейдің көркем гимнастика құрамасының бас бапкері Ирина Винердің бірінші некесінен ұлы бар.

Бизнесменнің айтуынша ол USM Holdings акциясының 49% ие. Холдингтің 30% Владимир Скочқа, 8% ирандық бизнесмен Фархад Мошириге, 3% USM Management бас директоры Иван Стрешинскийге тиеселі, 10% менеджерлерге сақталған.

Алишер Усманов USM Holdings компаниясының негізін салушы, акционері. Ресейлік Forbes журналының рейтингінде $12,6 млрд жағдаймен 9 орында.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!