Ресейлік космонавтар мен NASA-лық астронавтардың жалақысы қанша?

17:19, 12 тамыз 2019
537

Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz — Ресейлік ғарышкерлердің жалақысын NASA астронавтарының, Канадалық ғарыш агенттігінің (CSA), Еуропалық ғарыш агенттігінің (ESA) және Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің (JAXA) жалақысымен салыстыруға болады, деп хабарлады «Роскосмос».

Мемлекеттік корпорацияның хабарлауынша, ғарышкерлер Ю. А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығында штаттық қызмет атқарады. Ал оларға төлем «РФ-дағы ғарышкерлерді материалдық қамтамасыз ету туралы Ережеге»сәйкес есептеледі. Оған сәйкес, ғарышкерлікке кандидаттың жалақысы 60,9 мың рубльді құрайды. Ғарышкер 63,8 мың рубль, нұсқаушы-ғарышкер 88,45 мың рубль жалақы алады.

Сонымен қатар, жалақыға қосымша сыйақылар беріледі. Мәселен, міндеттерді сәтті және адал орындаған кезде жалақының 25%-ы шамасындағы сома төленеді. 13-ші жалақы да бар. Ресейде ғарышқа ұшқаны үшін де астронавтарға сыйақы беріледі. Ол бір рет төленеді және оның мөлшері ұшу ұзақтығы мен күрделілігіне байланысты.

Бұдан басқа, ғарыштық ұшулар үшін зейнетке шыққанға дейін ай сайынғы жалақы бонусы қарастырылған: бір рейс үшін — 55%, екеуі үшін — 75%, үш немесе одан да көп ұшу үшін — 120%.

Жұмыс өтілі үшін ай сайынғы үстемақы да бар. Егер еңбек өтілі 2 жылдан 5 жылға дейін болса, сыйақы 10%-ды құрайды, 5 жылдан 10 жылға дейін — 15%, 10 жылдан 15 жылға дейін — 20%, 15 жылдан 20 жылға дейін — 25%, 20 жылдан 25 жылға дейін — 30% және 25 жылдан жоғары — 40%. Сондай-ақ, ғылым кандидаттары мен докторлары ай сайын тиісінше 15% және 25%-дан жалақыға үстеме ақы алады.

Ал NASA астронавтарына келетін болсақ, олардың жалақысы жылына 155 мың долларға (айына 13 мың долларға) жетуі мүмкін, деді төрт ғарыштық ұшудың қатысушысы Скотт Келли.

NASA-ға АҚШ әскери-әуе күштерінен келген Келлидің айтуынша, әскери астронавттар жалақыны азаматтық әріптестерінен сәл артық алады, себебі олар үшін табыс салығы қысқартылған. Әскери астронавттардың басқа да артықшылықтары бар, соның ішіне жоғары зейнетақы да кіреді.

NASA сайтында астронавтарға азаматтық үміткерлер салық шегерілгенге дейін айына шамамен 5,5 мың доллар ала алады деп көрсетілген. Ашық ақпарат көздеріне сәйкес, NASA-ға полковник дәрежесімен келген ғарышкерлерге үміткерлер сегіз жылдан кейін айына 8 мың доллар, ал он жылдан кейін шамамен 10,3 мың доллар алады.

Ресейлік әріптестерден айырмашылығы, NASA ғарышкерлерінің жалақысы олардың ғарышта болуына немесе болмауына байланысты емес. Ұшу кезінде олар тек символдық «іссапар ақысын» алады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!