Ресейлік екі депутат Украинадан әскерді шығаруды талап еткені үшін сөйлеу құқығынан айырылды

15:53, 27 мамыр 2022
464

Ресей. 27 мамыр. 7kun.kz – Приморск өлкесінің заң шығарушы ассамблеясының отырысында Коммунистік партияның депутаты Леонид Васюкевич Владимир Путинге Украинадан әскерді шығаруды талап еткен үндеуін оқып бермек болды. Үндеуге партияның төрт мүшесі қол қойғанымен, олардың екеуі жиналыстан кейін құжатқа қатысы жоқтықтарын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz «Новости Владивосток-қа» сілтеме жасап.

«Егер біздің еліміз әскери операцияны тоқтатпаса, жетімдер одан да көп болады. Әскери операция кезінде адамдар мүгедек болуда. Олар елімізге үлкен пайда әкелетін жастар. Біз Ресей Федерациясының әскерлерін тез арада шығаруды талап етеміз», – делінген үндеуде.

Депутаттар сөйлеу кезінде Васюкевичтің микрофонын өшірді, бірақ ол сөзін тоқтатпай, өзге коммунист Геннадий Шульганың қол шапалақтауымен аяқтады. Нәтижесінде екеуі де дауыс беру арқылы бір отырыста пікірін айту құқығынан айырылды.

Аймақтық заң шығарушы органдағы Коммунистік партия фракциясының жетекшісі Анатолий Долгачев Васюкевич пен Шульганың әрекетін демарш деп атап, оларға қарсы ең қатаң шараларды қабылдаймыз деді. Үндеуде қолдары қойылған Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының өзге екі депутаты құжатқа өздері қол қоймағандарын айтты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!