Ресейлік бизнесмендер биржадағы бағамның құлдырауынан $8,8 млрд жоғалтты

20:54, 10 наурыз 2020

Forbes пен Bloomberg 9 наурыз күнгі биржалық индекстердің құлдырауынан байлығы $1 млрд асатын ресейлік бизнесмендердің қанша қаржы жоғалтқанын есептеп шықты.

Forbes-тың есебінше 97 миллиардер $8,8 млрд жоғалтқан.

Ең көп шығынға ұшыраған ЛУКОЙЛ-дың иелері. Вагит Алекперов пен Леонид Федун — сәйкесінше $2,1 млрд және $904 млн айырылған.

Forbes нұсқасы бойынша милилардерлердің шығыны төмендегідей:

Владимир Потанин — $613 млн;
Леонид Михельсон — $607 млн;
Геннадий Тимченко — $594 млн;
Олег Дерипаска — $528 млн;
Михаил Фридман — $472 млн;
Герман Хан — $302 млн.
Бұлардың ішінде Сулейман Керимов жоқ, басқалар шығынға ұшырап жатқан кезде оның керісінше қаражаты көбейген.


Bloomberg-тің есебінше ең бай 24 ресейлік бизнесменнің жалпы шығыны $13,9 млрд асады. Олардың ішінде Алекперов (- $3,54 млрд), Потанин (- $1,55 млрд) пен Федун (-$1,52 млрд) көбіре жоғалтқан. Қалған ондық төмендегідей:

Владимир Лисин — $893 млн;
Леонид Михельсон — $201 млн;
Алексей Мордашов — $895 млн;
Алишер Усманов — $563 млн;
Роман Абрамович — $435 млн;
Виктор Вексельберг — $403 млн;
Михаил Фридман — $874 млн.
Топ-10 бизнесменнің қатарына кіретін СУЭК пен «Еврохим» иесі Андрей Мельниченконың керісінше қаржылық әлеуетін $83,3 млн ұлғайған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!