Ресейдің еншілес банктерінің шоттарын бұғаттау туралы дәйексіз ақпарат тарап жатыр

20:22, 23 мамыр 2022

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ақпараттық ресурстарда қазақстандықтардың Сбербанк Қазақстан АҚ, Альфа-Банк Қазақстан және Банк ВТБ Қазақстан банктеріндегі қаражатын бұғаттау туралы дәйексіз ақпараттың тарап жатқаны туралы хабарлады.

Агенттік қаржы реттеушісі ретінде Ресейдің еншілес банктеріндегі клиенттердің қаражатын бұғаттау бойынша ешқандай шара қабылдаған жоқ және қабылдауға құқылы емес.

Агенттіктің Ресейдің еншілес банктерінен (Сбербанк Қазақстан АҚ, Альфа-Банк Қазақстан және Банк ВТБ Қазақстан) алған ақпараты бойынша, қаржы ұйымдарының шетелдік корреспондент-банктердегі шетел валютасындағы қаражаттары бұғатталған.

Шетелдік корреспондент-банктерде бұғатталған қаражаттың қалдықтары 9,2 млрд теңгені құрайды, оның  2,7 млрд теңгесі – Сбербанк Қазақстан, 6,2 млрд теңге – Альфа-Банк Қазақстан және 0,3 млрд теңге – Банк ВТБ Қазақстанға тиеселі.

Бұдан басқа, шетелдік корреспондент-банктер Сбербанк Қазақстан клиенттерінің 2,9 млрд теңге сомаға және  Альфа-Банк Қазақстан клиенттерінің 3,9 млрд теңге сомаға төлем операцияларын бұғаттаған.  Қазіргі уақытта банктер клиенттерге контрагент банктермен келіссөздер жүргізу және тиісті өтініштерді дайындау арқылы олардың қаражатын қайтаруға жәрдем көрсетуде.

Агенттік те банктермен бірлесіп, Ресейдің еншілес банктері клиенттерінің бұғатталған қаражатын қайтаруға байланысты жағдайды қадағалайды.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!