Ресейде Google құлыпталды

13:30, 23 маусым 2017

Мәскеу. 23 маусым. 7kun.kz — Ресейлік желі қолданушылары google.ru сайтының құлыпқа түскенін айтып, шағымданып жатыр. Ресурстың ашылмағаны көрінетін көптеген скриншотқа қарағанда, құлыптау шарасы провайдерлер деңгейінде жүргізілген. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Тыйым салынған мәліметтер бірыңғай реестрінде «www.google.ru» сайтына кіру Федерал салық қызметінің шешімі бойынша шектелгені айтылады. Бір қызығы, құлыпталған сайттардың тізіміне енгізу процедурасы 2016 жылдың 14 маусымында жүзеге асыпты.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!