Ресей желтоқсанда Zetta электромобилін сатылымға шығады

10:22, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Ресейлік Zetta электромобилі сатылымға 2019 жылғы желтоқсанда шығады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Өндіруші компанияның бас директоры Денис Щуровский базалық жиынтықтағы жаңа көліктің құны 450 мың рубльден басталатынын айтты. Бағасы батарея сыйымдылығына және жетек түріне байланысты болады. Мысалы: ең арзан көлік алдыңғы жетекті және 200 шақырымға жететін батареялар қойылады.

«Тамыз айында автокөлік сертификаттауға кетеді. Қыркүйек-қазан айларында оны өтіп, желтоқсан айынан бастап сатылым басталады. Бұл сериялық машиналар болады. Барлық валидациялық сынақтан автокөлік өтті», — деді ол.

Zetta — Тольятти қаласында құрастырылатын екі немесе төрт дөңгелекті үш есікті шағын электр машинасы. Көлік 99% ресейлік, Қытайдан тек батарея импортталады. Көлік салыстырмалы түрде әлемдегі басқа электрокөліктерден арзан. Бұдан да арзан болуы мүмкін екен. Қытайдан алдырған батерялардың қымбат болуына байланысты осындай баға белгіленген. Батреялардың құны жоғары, автокөлік құнының 50%-ын құрайды екен.

«Жобаға 450 млн рубль инвестиция салынды», дейді компанияның бас директоры.

Zetta Ресейде жылына 15 мыңға дейін автокөлік сатуды жоспарлап отыр, 10 мыңға жуық данасы шетелге кетеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!