Ресей Қазақстанның бес кәсіпорнына шектеу қойды

11:36, 16 шілде 2019

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz — Шілде айының 15-інен бастап Ресей Қазақстанның бес кәсіпорнынан өнім әкелуді шектеді. Бұл туралы Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметінде хабарлады.

Атап айтқанда, тыйым салу Өскемен құс фабрикасы (тетрациклин тобының антибиотиктері, сальмонеллалар), «ADM Investment» ЖШС және «Ордабасы-Құс» ЖШС (патогенді микроорганизмдерді анықтау, соның ішінде сальмонелл), «Париж коммуна ХХІ» ЖШС (листерияларды анықтау), «Kazakh Osseter» ҰКП ЖШС (мышьякты анықтау) өнімдеріне қатысты.

«Шектеулерді енгізу амалсыз айна шарасы болды. Бұзушылық бір рет анықталған кезде қызметке тыйым салынбайды, тәртіп бұзушы кәсіпорынның өнімін қатаң зертханалық бақылауға қояды. Шектеулер қайта бұзылған жағдайда әрекет ете бастайды. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті азық-түлік өнімдеріне сәйкессіздіктерді бастапқы анықтау негізінде ресейлік кәсіпорындардан жеткізуге тыйым салды. Бұл Еуразиялық экономикалық комиссияның 2014 жылғы 9 қазандағы шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге тексеру жүргізу және тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын алу туралы ережеге тікелей қайшы келеді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мекемеде қазақстандық әріптестер аталған мәселелер, соның ішінде ресейлік кәсіпорындарға қатысты шектеулерді жою мәселесі бойынша Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметінің өтініштеріне жауап жібермегенін айтты. Бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар ресейлік кәсіпорындардан өнім жеткізуге енгізген уақытша шектеулері әлі де жойылмаған.

Сондай-ақ, 13-15 шілде аралығында Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметінің Омбы облысы бойынша басқармасы Қазақстаннан Омбы қаласына жоғары фитосанитарлық тәуекелдің карантинге жатқызылған өнімімен келе жатқан екі жүк автомобилін ұстағаны белгілі болды. Жүктің жалпы салмағы – 40 тонна (қияр, қызанақ, алма және алмұрт – 21 тонна, шыққан жері – Қырғызстан; жаңғақ және кептірілген жемістер қоспасы – 19 тонна, шыққан жері – Өзбекстан).

«Ілеспе құжаттарды тексеру және жүкті қарау кезінде қияр, қызанақ, алма және алмұрт партиясына жарамсыз фитосанитариялық сертификат ұсынылғаны, жаңғақтар мен кептірілген жемістер партиясына шыққан елдің сертификаты болмағандығы анықталды», – делінген хабарламада.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!